Кентау колледжінде 02.09.2025 жылы 1 Қыркүйек Білім күніне орай "Білім күні. Бейбітшілік күні!" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада еліміздің жалауы аса құрметпен енгізіліп, әнұранымыз шырқалды. Колледжіміздің директоры барша келген студенттерге жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі ниетін білдіріп,сәттілік тіледі. Сонымен қатар дарынды студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, керемет көңіл-күй сыйлады. Баршаңызды Білім күнімен және Бейбітшілік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылында сәттілік, табыс, жаңа жетістіктер мен ашық аспан тілейміз!
Білім мен бейбітшілік мәңгі жасасын!
#жұмысшымамандықтаржылы2025 #біртұтас_тәрбие #кентауколледжі













