КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ КЕНТАУ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
Қазіргі таңда заманауи бiлiм стандартының талаптарына сай орта буын медициналық қызметкерлерді даярлау ісінде көш бастап келе жатқанарнаулы оқу орындарының саны артып келеді. Солардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласындағы медицина колледжі.
Бір мүшелді артқа тастап, елiмiздiң денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын шешуге өзiндiк үлес қосып жүрген алдыңғы қатарлы білім мекемесі жастарға жаңаша білім беруді басты мақсат тұтып отыр.
Болашағын мәртебелі мамандықпен байланыстырғанмектеп түлектері үшін Кентау медицина колледжі 2005 жылы өз есігін айқара ашты. Бүгінгі күнге дейін білім ордасы 2000-ға жуық орта медицина қызметкерін даярлап шығарды. Осы жылдар ішінде оқу орнынан түлеп ұшқан жас мамандардың басым бөлігі отандық денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрсе, колледжді мемлекеттік грант арқылы оқып бітірген соң, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де өз білімдерін жалғастырғандар да жетерлік. Колледж қабырғасынын қанат қаққан түлектері бүгінде алыс-жақын шетелдерде, атап айтсақ, Ресей, Түркия мемлекеттерінде қызмет атқарып жүр.
Елбасы Н.Назарбаев: «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Білім барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады», - деген болатын. Бүгінде денсаулық сақтау саласы күн санап қарыштап даму үстінде. Осы орайда, колледж ұжымы орта буын медицина мамандарының білім сапасын арттырып, ой-өрісі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлауды басты ұстаным етуде.
«Емдеу iсi», «Мейiрбикелік iс», «Фармация» мамандықтары бойынша фельдшер, жалпы тәжірибелі медбике және фармацевт мамандарын даярлайтын орта оқу орны екі қабатты 2 оқу ғимаратынан тұрады. Олар жаңа заман талаптарына сай тренажерлермен, муляждармен және манекендермен жабдықталған. Ғимараттың бірінші бас корпусында гуманитарлық, жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытылса, екіншісінде арнайы клиникалық және клиникаға дейінгі пәндер бойынша дәрістер жүргiзiледi.
Кентау медициналық колледжінде 25 оқу лабораториясы және интерактивті тақталармен жабдықталған пән бөлмелері, кітапханасы, асханасы, дәрігерлік пункті, 2 компьютер классы, симуляциялық кабинеттері және спорт залы бар. Электронды оқу залы ғаламтор жүйесіне қосылып, оқу-ақпараттық орталығы студент-жастарды оқытуға қажетті барлық замануи материалдық-әдістемелік, ақпараттық базамен қамтамасыз етілген.
Студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандырып, олардың іскерліктерін дамытуға, кәсіби білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға барынша жағдай жасау мақсатында оқу орнында пән үйірмелері жұмыс істейді. Үйірмелерге белсене қатысушылар бүгінгі күні қала, облыс, және республика деңгейіндегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен олимпиадаларда түрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарды иеленіп жүр. Осы орайда ұстаздар қауымының атқарып жүрген еңбегі орасан зор. Бүгінгі таңда колледжде 45 оқытушы қызмет атқарады. Олардың 1-і профессор, 2-і ғылым кандидаты, 10-ы магистр, 2-і жоғарғы санатты және 12-сі бірінші санатты дәрігерлер мен педагогтар.
Келешегі кемел колледж әр бес жыл сайын білім беру мекемесінің мемлекеттік аттестациясынан сәтті өтеді. Бұл ретте білікті де білімді басшы – Динара Елгеқызы Андабайдың есімін ерекше атап өткен жөн. Оқу-тәрбие үдерісінде жеткен жетістіктері, жоғары кәсібилігі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін ол облыстық Білім басқармасының және қалалық білім бөлімінің, құрмет грамоталарымен, Кентау Қаласының 60жылдығына орай төсбелгісімен мараппатталған. Сонымен қатар, Кентау колледжінің қазіргі басшысы - Қарлығаш Амангелдіқызы Жұмабаеваның да оқу процесінің ұдайы дамуына, білім беру үдерісінің жаңа заман талабына сай ,мемлекеттің тірегі саналатын жастардың жан – жақты терең білім алуына,оқу үрдісінің автоматтандырылуына, кәсіби маман болып қалыптасуына өз үлесін қосып келеді. Тәжірибелі ұстаз әріптестері, шәкірттері мен ата- аналар арасында үлкен беделге ие. «Денсаулық сақтау жүйесінде көпжылдық еңбегі үшін» медалімен, Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы – Р.Жолаевтың «Құрмет грамотасымен», Кентау қаласының әкімі Ә. Мақұлбековтың «Алғыс хатымен» және басқада мадақтамалармен мараппатталған білікті ұстаз.Колледж қабырғасында көпжылдық еңбегі бар білікті ұстаздарымыз жетерлік. Соның бірі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Омаралиев Мұстафа Исрафиловичтің білімалушыларға заманауи үлгіде сапалы білім беруде аянбай қызмет етуде. Одан басқа ЮНЕСКО ның-2016 жылда ( Яссауи жылы ) –деп жариялануына байланысты «Яссауи жылы» медалімен мараппатталған. Денсаулық сақтау саласында өз үлесін қосатын, жас мамандарды дайындауда – колледж қабырғасында ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыта талай игі істер атқарылды. Соның бәрі, сайып келгенде, білікті басшының, ұйымщыл ұжымның бірлесе атқарған жүйелі жұмысының жемісі».