«Кентау»  медицина колледжіндегі 3-цикл бойынша

 пәндік  үйірме жұмыстары:

 

 "Арнайы пәндер" циклы ("Ішкі ауруларды зерттеу" - үйірме жетекшісі Бабажанова А.; "Шынықсаң шымыр боласың" - үйірме жетекшісі Арзуметова З.; "Мейіргерлер күтімі" - үйірме жетекшісі Бабанова Н.);

 

"Жалпы кәсіптік пәндер" циклы ("Жас химик" - үйірме жетекшісі Раиымкулова С. ; "Юный биолог" - үйірме жетекшісі Билялова Г.А. ;"Ғажайып гүлдер" - үйірме жетекшісі Қожантаева А. ; "Экология ғажайып пән" - үйірме жетекшісі Нуркелеекова Б. );

 

Жалпы білім беру және гуманитарлық  пәндер" циклы ("Жас математик"- үйірме жетекшісі Утегенова М. ; «Глобус»-үйірме жетекшісі Қасымбекова Қ.; «Эрудит»- Утемисова С. ; «Атамекен»-үйірме жетекшісі Елшібеков Б. ; «Валейбол»-үйірме жетекшісі Арынбеков Ж. ; «Информатика әлеміне саяхат»- үйірме жетекшісі Есқараева М. ; «Атамұра»- үйірме жетекшісі Тұрысбекова Г.) ;

Студенттер үйірмелерде адамның әртүрлі мүшелерін, муляждар, ДНҚ молекуласын, тақырыптар бойынша плакаттар жиынтығы және тағы басқа сабаққа қажетті көрнекіліктер жасап және білімдерін шыңдай түседі.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!