Сыбайлас жемқорлық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру- Сыбайлас жемқорлықпен жұмыла күресейік» жобасын түсіндіру жұмыстары аясында

 

Парасаттылық мектебі

«Парасаттылық мектебінің» Е Р Е Ж Е С І

Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темір қазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.

Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Осыған орай Кентау колледжі бойынша «Парасаттылық мектебі» ашылып, іс-шаралар жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.

Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келе.

 

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: 

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.

2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.

  1. Оқу-білім үрдісінде студенттер мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

 

Әр оқытушы білуі тиіс:

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.

SANALY URPAQ» клубының

төрағасы :Абдуллаев Мәлік Мұратбекұлы

 

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланысты, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Оның ішінде медицина саласына келетін болсақ тікелей адам өміріне байланысты. Сондықтан болашақ медицина саласына маман даярлап жатқан оқытушылар мен медицина қызметкерлерінің қолы да, жаны да парақорлықтан таза болуы керек.

 

Мақсаты:- білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

«Кентау колледжінде»  «JASTAR.KZ»  жобасы аясында , «SANALY URPAQ» жобасы бойынша колледж студенттері мен оқытушыларға түсіндірме жұмыстары  жүргізіліп, «SANALY URPAQ» клубы құрылды.  Клубтың колледж қызметкерлерімен студенттерінен құралған мүшелері мен жоспары бекітілді.

 

«Өзін-өзі басқару ұйымы»

«Өзін- өзі басқару»  ұйымының  ережесіне байланысты, үйлестіру ж ұмыстарын  жүргізу  мақсатында  жауапты  маман Моминова.Э

 

«Өзін-өзі басқару » ұйымының мақсаты мен міндеттері:

Жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру.

 

Міндеттері:

1.Жастардың отансүйгіштік қасиетін дамыту;

2.Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамассыз етуді дербес жүзеге асыруына жағдай жасау;

3.Жастардың қоғамдық, шығармашылық, инновациялық бастамаларын қолдау;

  1. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамассыз ету;
  2. Жастардың уйымдастыру қабілеті мен іскерлік белсенділігін қалыптастыру;
  3. Жаһандану жағдайында мәдениет, ілім-білім саласында заманауи үрдістерге сай үздіксіз даму әрекеттерінің жүзеге асыру;
  4. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау.

 

Негізгі ұстанымдары

1.Жасампаздық

2.Бәсекеге қабілеттілік

3.Ынтымақтастық

4.Әділеттілік

5.Қамқорлық

 

«Өзін-өзі басқару» ұйымының құрылымы:

  1. Президент
  2. Білім және ғылым министрі
  3. Ақпараттық талдау және қоғамдық даму министрі
  4. Денсаулық сақтау министрі
  5. Мәдениет және спорт министрі
  6. Әділет министрі

 

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!