Дінмұхаммед Есенбекұлы 2012 жылы Кентау колледжіне, 0301000 "Емдеу ісі" мамандығына, 030101 3 фельдшер біліктілігіне оқуға түскен. Колледж қабырғасында өзін тек жақсы жағынан көрсетті, мамандығына қызығушығылық танытып, колледжде өткен оқу-өндірістік, диплом алдындағы практика өту барысында "өте жақсы" деген бағасымен, практика жетекшілерінен оң көрсеткіштерімен аяқтаған. Кентау колледжін 2016 жылы, фельдшер біліктілігімен аяқтады. Қазіргі таңда Тоғайбай Дінмұхаммед "Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында фельдшер қызметін атқарады. Колледжде жинақтаған білімі мен практикалық дағдыларын көрсете білген шәкіртіміз Дінмұхаммед, қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау саласында өте білікті сапалы қызмет атқаруда.


Бүгінгі таңда бүкіл әлемде болып жатқан Covid-19 пандемиясына қарсы күресте де өзінің біліктілігін, ерлігін, нағыз халқына адал қызмет ететіндігін көрсетті. Тоғайбай Дінмұхаммед Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан " Наши герои" құрмет тақтасына ілінген. Кентау колледжі осындай қиын жағдайда, өзінің шәкірттерінің елге қажет кезінде, жоғары сапалы, мамандандырылған қызмет көрсеткен "Ел батырларымен" мақтан тұтады және алғысын білдіреді. Колледж әкімшілігі Дінмұхаммедке еңбегі әрқашанда жемісті болуына, Денсаулық сақтау саласында жетістіктерге жетуіне, өз ісінің майталманы болуына шын жүректен тілеуін білдіреді! Колледж шәкірттеріміздің әрбір жетістігі біз үшін үлкен қуаныш және мақтаныш.


#бізбіргеміз

 

Колледжіміздің түлегі Медеуов Нұрлан Серікұлы 2009 жылғы 0401002 Емдеу ісі мамандығы, фельдшер біліктілігімен білім беру ұйымын тәмәмдаған.Қазіргі таңда Кентау қалалық орталық ауруханасында Хирургия, реанимация бөлімінде жұмыс істейді.2020 жылы елімізде ковид пандемиясы кезінде, аянбай еңбек еткені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша Медеуов Нұрлан Серікұлы «Халық алғысы» мерекелік медалімен наградталды.Түлегіміздің жетістігіне өте қуаныштымыз! Шәкірттеріміз осылай әрқашанда қуанта берсін!

Абдез Азиза Байқадырқызы

Кентау колледжінің өзін-өзі басқару ұйымының білім министрі;

2019жыл.Д.Махажанов қала әкімінің дипломы, " Үздік жас студент" номинациясымен марапатталады;

2019жыл. "ҚР колледждерінің 100 студенті" жобасы аясында "Ең Үздік студент-2019"иегері;

2019жыл. "Жаңғыру жолындағы жас ғалым" ғылыми конференциясының

 I орын иегері;

2018жыл. Колледж ішілік"Шығармашыл студент" номинациясының иегері;

2018жыл. "Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар" интеллектуалды сайысының I орын иегері;

2018жыл. "Мемлекеттік қызмет-қоғам мен әрбір Қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі және міндеті" атты қалалық дебат ойынының I орын иегері;

2017жыл. "Ана тілің-арың бұл" атты тақырыпта қалалық дебат ойынының

I орын иегері;

2017жыл. "Адамды адаммен теңестіретін-білім" атты тақырыпта қалалық дебат ойынының

I орын иегері;

 

Аты –жөні,тегі

Шакенова Нұршат Булатқызы

Кентау колледжінің Өзін-өзі басқару ұйымының президенті; 

2017жыл.   Ә.Мақұлбаев қала әкімінің дипломы, «Үздік жас студент» номинациясымен марапатталды;

2017 жыл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты облыстық пікір сайыс турнирінің ІІ орын иегері;

2017 жыл Колледждің үздік студенті;

 «Адаммен адамды теңестіретін - білім» атты тақырыпта қалалық дебат ойынының І орын иегері;  

2017 жыл «Ана тілің- арың бұл» атты тақырыпта  қалалық дебат ойынының І орын иегері;

2018 жыл  «Қазақстан жастарының сапалы білім алуы» тақырыбында қалалық пікір сайыс турнирінің бас жүлде иегері;

Облыстық деңгейде дебат ойындарының үздік ойыншысы;

 

Аты –жөні,тегі

Ыбырайым Гүлнұр Есенгелдіқызы

2014 жыл - С.Бәйтереков атындағы балалар саз- мектебінің «Феникс» байқауының  ІV- орын иегері.

2014 жыл - С.Бәйтереков атындағы балалар саз- мектебінің «Жыл оқушысы», ІV-дәрежелі дипломы

2015жыл - «Қысқы марафон» іс-шарасында ІV- орын иегері.

2015 жыл - Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясында өткен «Күз аруы-2015»  байқауында І-орын иегері.

2015 жыл  - Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясында өткен «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел-Қазақстан» патриоттық ән байқауында ІІ-орын иегері.

2016 жыл  -  С.Бәйтереков атындағы балалар саз- мектебін «Үздік оқығаны үшін» мақтау қағазы берілген.

2016 жыл  -  С.Бәйтереков атындағы балалар саз- мектебінде дарынды оқушыларды қолдау жылы аясында өткен ХХХХ-ші «Жас музыкант»  байқауында «Қазақша шығарманы үздік орындағаны үшін» мадақтама берілген.

2016 жыл - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Кентау  колледжінде» өткен «Туған жер» ән байқауында І-орын иегері

2016 жыл - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Кентау  колледжінде» өткен «Тәуелсіз елдің патриотымын» атты шығарма сайысында ІІ-орын иегері

2019жыл-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы,дарынды жастарды қолдау, үздік студенттерді, жұмысшы біліктілікті танымал ету мақсатында ұйымдастырылған «ҚР колледждерінің 100 студенті» жобасы аясында «Өнерлі жас» номинациясы иегері.