Кентау колледжі оқушылары үшін ішкі тәртіп сақтау ережелері

 

Бұл Ереже колледж ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже  мақсаты-колледждің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.

 

  1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері:
    • Білімалушы колледжге сабақ басталысымен 15-20 минут бұрын ұқыпты колледж формасымен келіп, кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.
    • Колледжде және колледж аумағына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын ұялы сымтетік, улы және дәрігер қолдануға тыйым салынған да заттар әкелуге тыйым салынады.
    • Оқытушының келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында сабақтан шығуға, колледжден кетуге рұқсат етілмейді. Білімалушы сабақ жіберген жағдайда топ жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақтан себепсіз қалуға рұқсат етілмейді.
    • Білімалушы колледжде оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, қалам), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келуі тиіс.
    • Білімалушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Білімалушылар, оқытушылар бір-біріне құрметпен қарайды. Білімалушылар-үлкендерге, жоғары топ білімалушыларына-кішілерге, ұл балалар-қыз балаларға жол береді.
    • Білімалушы колледжде және колледжден тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;
    • Колледж мүлектеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауға жауапты; оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді. Электроқуат пен суды үнемдеу.
    • Колледжде талап етілген киімнің іскерлік стилін ұсынады:
  • Дәлме дәл іскерлік стил: белгіленген үлгілі міндетті түрде қара түсті киім формасы (классикалық үлгідегі шалбар, тізеге дейін юбка), күңгірт түсті аяқ киім, ақ көйлек, (ақ кофта қыз балалар үшін):
  • Ақ халат, басына ақ қалпақ (чепчик) киюі;
    • Колледж аумағында ішкі тәртіп ережесі бұзылған жағдайда құзыретті органға хат жолданып әкімшілік шара қолданылады.
  • Әртүрлі пирсинг, татуировка, қымбат әшекейлер тағуға, мөлшерден тыс опа-далап,тырнаққа лак , шашты түрлі түске бояуға болмайды.
  • Колледж ғимаратында бас киіммен жүруге;
  • Ұл балаларға шаштарын бұрымдауға тыйым салынады;
  • Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу тиіс.
  • Ер балалар сақал-мұртын өсірмеуі тиіс.

       1.10  Оқытушыларды құрметтеу.

 

  1. Сабақ кезіндегі тәртіп:
    • Білімалушылар оқытушы сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және оқытушының рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;
    • Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы білімалушыны бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Білімалушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек. Білімалушы оқытушының барлық қойған талаптарын орындауы қажет.
    • Егер білімалушы сабақ уақытында сыныптан шығуы керек жағдайында алдымен оқытушының рұқсатын сұрауы тиіс. Сабақтың біткені туралы қоңырау оқытушы үшін беріледі. Оқытушы сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана білімалушылар сыныптан шығуға құқылы. Оқытушы немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда білімалушылар орнынан тұрады.
    • Сабаққа себепсіз 60 сағат қатыспаған оқушы колледждегі оқушылар қатарынан шығарылады;
    • Денсаулығына байланысты 1 ай сабақтан қалған оқушы академиялық демалысқа жіберіледі.

          

                  3.1 Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:

          Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату; сыныптан шығу; колледж қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну; педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, колледж және колледж аумағында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету)

3.2  Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір-бірін итеріп, заттар лақтырып, бір-біріне күш қолдануға болмайды, әдепсіз сөздер айтып, шулауға, колледжде немесе колледж аумағында алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.

              

3.3. Топ бойынша кезекші

- Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, педагогқа сынып келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау;

 

3.4 Білімалушылар буфетте болған кезде:

-  Оқытушымен буфет қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сұйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды.  

  

  1. Қорытынды

4.1 Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді.

4.2  Білімалушылар колледжішілік іс-шаралар өту барысында немесе колледж аумағында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ;

4.3 Сабақ біткеннен кейін немесе колледж қызметкерлерінің  рұқсатынсыз колледж ғимараттарында болуға;

4.4 Алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.

4.5 Жарғыш немесе өртке, басқа да заттар әкелуге тыйым салынады;

4.6  Қарым қатынастарын анықтау мақсатында күш көрсету немесе қиянаттық жасауға құқығы жоқ;

4.7 Білімалушылар арасында және барлық колледж қызметкерлеріне әдепсіз сөздер  айтуға;

4.8 Колледжде және колледж аумағында құқыққа қарсы, өмірі мен денсаулығына қарсы іс әрекеттер жасауға жол берілмейді.

4.9 Білімлаушыларға сабаққа қатысты емес заттарды колледжге әкелуге тыйым салынады;

4.10 Осы Ереже колледж аумағында және колледжішілік іс-шараларда қатаң сақталады;

4.11Осы Ережені бұзғаны үшін білімалушылар жауапкерщілікке тартылады.

 

 

 

  1. Тәртіптік жауапкершілік ережелері

5.1 Ата-аналарды ескерту;

5.2 Ата-аналарды колледжге шақыру;

5.3 Әкімшілік жиналысқа шақыру (білімалушы);

5.4 Әкімшілік жиналысқа шақыру (ата-аналар)

5.5 Педагогикалық кеңеске шақыру (білімалушы);

5.6 Педагогикалық кеңеске шақыру (ата-аналар)

5.7 Айналадағыларға қауіп төндіретін тәртіпті тоқтату мақсатында колледж білімалушысы қатыранан арнайы шешіммен шығару;

 

  1. Ата-аналар міндеті

6.1 Колледжбен ата-аналар шарты жағдайларын орындау;

6.2 Балалардың дене және интелектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау;

6.3 Күнделікті баланың мінез-құлқын, көңіл-күйін бақылап әңгімеге тартып отыру;

6.4 Баланың бойында өзгеріс байқалса колледж әкімшілігіне хабарласып тығыз байланыста болу;

6.5 Сабақтан кейінгі уақыттарда көшеге шықпауын қадағалап отыру және топ жетекшілерімен хабарласып отыру;

6.6 Балаларына қамқорлық жасау және  оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті (ҚР Конституцияның 27 бабының 2 тармағы).

6.7 Өз балаларын тәрбиелеумен айналыса алмаған жағдайда ата-аналарға қолданылатын амалсыз шаралар; қызмет орнына хат жазу; әкімшілік шара қолдануға құзыретті органдарға шағым түсіру.

6.8 Білім алушының себепсіз сабақтан қалмауын қадағалау. Ауырып немесе басқа да отбасылық жағдайға байланысты белгілі себептермен сабаққа келе алмайтын жағдайда топ жетекшісін ескерту.

6.9 Білім алушының күнделікті сабаққа келуін 100% (пайыз) қамтамасыз ету.

 

 

Дайындағандар :     

 

Колледж әкімшілігі

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                  Э.Б. Моминова                                                                             

 

Колледж ата-аналар комитетінің төрайымы:                                          Нысанбекова  Г.

Өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы:                                                    Н.Шакенова

                                                                                                      

 

 

Кентау колледжі оқушылары үшін ішкі тәртіп сақтау ережелері

 

Бұл Ереже колледж ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже  мақсаты-колледждің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы менқадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.

 

  1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері:
    • Білімалушы колледжге сабақ басталысымен 15-20 минут бұрын ұқыпты колледж формасымен келіп, кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.
    • Колледжде және колледж аумағына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын ұялы сымтетік, улы және дәрігер қолдануға тыйым салынған да заттар әкелуге тыйым салынады.
    • Оқытушының келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында сабақтан шығуға, колледжден кетуге рұқсат етілмейді. Білімалушы сабақ жіберген жағдайда топ жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақтан себепсіз қалуға рұқсат етілмейді.
    • Білімалушы колледжде оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, қалам), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келуі тиіс.
    • Білімалушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Білімалушылар, оқытушылар бір-біріне құрметпен қарайды. Білімалушылар-үлкендерге, жоғары топ білімалушыларына-кішілерге, ұл балалар-қыз балаларға жол береді.
    • Білімалушы колледжде және колледжден тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;
    • Колледж мүлектеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауға жауапты; оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді. Электроқуат пен суды үнемдеу.
    • Колледжде талап етілген киімнің іскерлік стилін ұсынады:
  • Дәлме дәл іскерлік стил: белгіленген үлгілі міндетті түрде қара түсті киім формасы (классикалық үлгідегі шалбар, тізеге дейін юбка), күңгірт түсті аяқ киім, ақ көйлек, (ақ кофта қыз балалар үшін):
  • Ақ халат, басына ақ қалпақ (чепчик) киюі;
    • Колледж аумағында ішкі тәртіп ережесі бұзылған жағдайдақұзыретті органға хат жолданып әкімшілік шара қолданылады.
  • Әртүрлі пирсинг, татутировка, қымбатты әшекейлер тағуға мөлшерден тыс опа-далап пайдалануға болмайды.
  • Колледж ғимаратында бас киіммен жүруге;
  • Ұл балаларға шаштарын бұрымдауға тыйым салынады;
  • Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу тиіс.

 

  1. Сабақ кезіндегі тәртіп:
    • Білімалушылар оқытушы сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және оқытушының рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;
    • Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы білімалушыны бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Білімалушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек. Білімалушы оқытушының барлық қойған талаптарын орындауы қажет.
    • Егер білімалушы сабақ уақытында сыныптан шығуы керек жағдайында алдымен оқытушының рұқсатын сұрауы тиіс. Сабақтың біткені туралы қоңырау оқытушы үшін беріледі. Оқытушы сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана білімалушылар сыныптан шығуға құқылы. Оқытушы немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда білімалушылар орнынан тұрады.
    • Сабаққа себепсіз 60 сағат қатыспаған оқушы колледждегі оқушылар қатарынан шығарылады;
    • Денсаулығына байланысты 1 ай сабақтан қалған оқушы академиялық демалысқа жіберіледі.

          

3.1 Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:

Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату; сыныптан шығу; колледж қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну; педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, колледж және колледж аумағында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету)

3.2  Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір-бірін итеріп, заттар лақтырып, бір-біріне күш қолдануға болмайды, әдепсіз сөздер айтып, шулауға, колледжде немесе колледж аумағында алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.

              

3.3. Топ бойынша кезекші

- Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, педагогқа сынып келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау;

 

3.4 Білімалушылар буфетте болған кезде:

-  Оқытушымен буфет қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сұйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды. 

  

  1. Қорытынды

4.1 Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді.

4.2  Білімалушылар колледжішілік іс-шаралар өту барысында немесе колледж аумағында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ;

4.3 Сабақ біткеннен кейін немесе колледж қызметкерлерінің  рұқсатынсыз колледж ғимараттарында болуға;

4.4 Алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.

4.5 Жарғыш немесе өртке, басқа да заттар әкелуге тыйым салынады;

4.6  Қарым қатынастарын анықтау мақсатында күш көрсету немесе қиянаттық жасауға құқығы жоқ;

4.7 Білімалушылар арасында және барлық колледж қызметкерлеріне әдепсіз сөздер  айтуға;

4.8 Колледжде және колледж аумағында құқыққа қарсы, өмірі мен денсаулығына қарсы іс әрекеттер жасауға жол берілмейді.

4.9 Білімлаушыларға сабаққа қатысты емес заттарды колледжге әкелуге тыйым салынады;

4.10 Осы Ереже колледж аумағында және колледжішілік іс-шараларда қатаң сақталады;

4.11Осы Ережені бұзғаны үшін білімалушылар жауапкерщілікке тартылады.

 

  1. Тәртіптік жауапкершілік ережелері

5.1 Ата-аналарды ескерту;

5.2 Ата-аналарды колледжге шақыру;

5.3 Әкімшілік жиналысқа шақыру (білімалушы);

5.4 Әкімшілік жиналысқа шақыру (ата-аналар)

5.5 Педагогикалық кеңеске шақыру (білімалушы);

5.6 Педагогикалық кеңеске шақыру (ата-аналар)

5.7 Айналадағыларға қауіп төндіретін тәртіпті тоқтату мақсатында колледж білімалушысы қатыранан арнайы шешіммен шығару;

 

  1. Ата-аналар міндеті

6.1 Колледжбен ата-аналар шарты жағдайларын орындау;

6.2 Балалардың дене және интелектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау;

6.3 Күнделікті баланың мінез-құлқын, көңіл-күйін бақылап әңгімеге тартып отыру;

6.4 Баланың бойында өзгеріс байқалса колледж әкімшілігіне хабарласып тығыз байланыста болу;

6.5 Сабақтан кейінгі уақыттарда көшеге шықпауын қадағалап отыру және топ жетекшілерімен хабарласып отыру;

6.6 Балаларына қамқорлық жасау және  оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті (ҚР Конституцияның 27 бабының 2 тармағы).

6.7 Өз балаларын тәрбиелеумен айналыса алмаған жағдайда ата-аналарға қолданылатын амалсыз шаралар; қызмет орнына хат жазу; әкімшілік шара қолдануға құзыретті органдарға шағым түсіру.

 

 

 

   Кентау колледжі білімалушыларының 2018-2019 оқу жылында колледж және колледжден тыс уақытта өмір қауіпсіздігін сақтауға арналған  ата-аналар жауапкершілігін

арттыру мақсатында түзілген

 

КЕЛІСІМ

Колледж атынан Жарғы негізінде әрекет етуші Кентау колледжі директорының м.а.      Қ.А.Жұмабаева бірінші тараптан, ________тобының білімалушысы _____________________________________ата-анасы________________________________ екінші тараптан ата-анасы болып, 2018-2019 оқу жылына осы келісім жасалынды.

Колледж міндеттері

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» бойынша колледждің бағдарламасына сәйкес білім береді және тәрбиелейді.
  2. Колледжге келген білім алушылардың сабақ уақытысындағы қауіпсіздігіне колледж әкімшілігі толық жауап береді.
  3.  Топ жетекшілері топ оқушыларын қарсы алып, ата-анамен тығыз байланыста болады.

 

Білім алушы міндеті

Бағдарламаға сәйкес білім алуға:

-белгілі бір пән бойынша үйірмелерге, қосымша сабақтарға және спорт, мәдени секцияларға қатысуға;

-жоғарғы деңгейде тәртіпті болуға;

-сабаққа уақытылы келіп, уақытылы қайтуға(ата-анасыз сабақтан сұранбауға);

-колледждің ережесіне сәйкес үлгідегі киіммен жүруге (классикалык үлгіде киіну, ақ халат, чепчик);

-жеке бас гигиенасын сақтап жүруге ( ер балдардың шашы қысқа, тырнақ өсірілмеуі, қыз балдардың шашы жинақы, тырнақтың өсірілмей, бояу және бетте пирсинг, татуаждың болмауы);

-суық қару пайдаланбауға, әкелмеуге;

-колледжен тыс уақытта түнгі сағ 22:00-ден, таңғы сағ:6:00-ге дейін жүрмеуге және түнгі ойын-сауық мекемелеріне бармауға;

-колледжге құнды заттар, ұялы телефон алып келмеуге, (бағалы киім, заттармен ұялы телефонға колледж қызметкерлері жауап бермейді);

- авто көлік айдап келмеуге;

-колледждің мүлкін ұқыпты пайдалануға және бүлдірмеуге;

-бала сабаққа келе алмаған жағдайда топ жетекшісіне 1 сағат көлемінде хабар беруге

Ата-ана міндеті

    01.09.2016 жылынан бастап Заңдағы өзгерістерге сәйкес ата – аналар мен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі туралы «Қазақстан Республикасының балалар құқығын қорғау туралы» ҚР заңдарының талаптарына сәйкес (20,24,48 және 50) әр бір бала ҚР заңдар мен Конституциясын сақтауға, басқалардың құқығын, ар-намысын құрметтеуге, ата-аналары жұмысқа жарамсыз жағдайда қамқор болуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын, тарихи және мәдени мұраларын қорғауға, табиғи байлықтарына жауапкершілікпен қарауға міндетті.

-Оқушының тәрбиесі мен білім алуына жағдай жасау (ҚР кодексінің әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 127 бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім алуына жағдай жасауыда өз міндеттерін 7 айлық есептік корсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 20 айлық есептік көлемінде айыппұл салынады).

-Балаңыздың тәртібіне жауапкершілікпен қарауға (ҚР қылмыстық кодексінің 80- бабына сәйкес кәмелет жасқа толмаған, қылмыстық іс жасаған: адам өлтіру, қасақана денсаулығына ауыр зиян келтіру, зорлау, бұзақылық жасау, ұрлық, тонау, шабуылдау, алаяқтық, лаңкестік жайлы жалған хабарламалар жасағандар, вандализм үшін 14 жастан бастап қылмыстық іс қозғалып, жауапқа тартылады).

 

-Оқушының  колледжден тыс уақытта демалыс, мереке күндері жауапкершілікпен қарауға (ҚР қылмыстық кодексінің 140 бабы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ішімдіктердің есірткі психотроптық заттарды пайдаланғанда немесе қайыршалықпен, қаңғыбастықпен, қасақана әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар іс –әркеттер жасауына жол берілгенде қылмыстық жауапкершілік қаралған).

(ҚР ӘҚБТК–нің 440 бабы бойынша кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда алкагольдік ішімдіктерді ішуі, масаң куйде келуі, оның ата-анасына 5 айлық есептік көрсеткіш әкімшілік айыппұл салынады).

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 442 бабы 1-ші бөліміне сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі сағат 22:00- ден таңғы 6:00-ге дейін заңды өкілдерінің ертіп жүрруінсіз ойын сауық мекемелерінде болуы, ата-анасына немесе жауапты адамға 3 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынады.

-Оқушы тәртібі, оқу үлгерімі жайлы коллдеж әкімшілігімен, топ жетекшісімен, пән мұғалімдерімен хабарласып отыруға;

-дүкенге ішімдік, темекі алып алып келуге жібермеуге.

Ата-анаға жадынама

-Жасөспірімдер көп жағдайда бір-біріне өшпенділік танытып ҚК-ның келесі баптарын бұзады: 109-Ұрып соғу, 110-Қинау, яғни ұдайы ұрып соғып немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату 1000 АЕК мөлшерде айыппұл салу немесе 2-жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

187-Ұсақ –түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған,бөтеннің мүлік ұрлау -100 АЕК айыппұл салынады немесе 45 тәулікке дейінгі дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

188-Ұрлық, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

287-Қаруды, оқ-дәрәлерді, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, беру сақтау немесе алып жүру осы баптан бінеше тармақтарына байланысты жаза көлемі әр-түрлі болады, яғни 200 АЕК тен басталып-5000 АЕК дейін немесе 60 тәулік мерзімге қамауға алудан басталып 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      

        Коллдеж директорының м.а. ______________ Қ.А.Жұмабаева

        Колледж директорының тәрбие

        ісі жөніндегі орынбасары __________ Э.Б.Моминова  

        Топ жетекшісі_____________________

        Білім алушы ______________________

        Ата-ана___________________________

        «_________»____________2018ж