6 Стандарт. Ресурстар: материалдық-техникалық, қаржылық, кітапханалық және ақпараттық

 

Оқу орнында 2 оқу корпусы, спорт залы, әкімшілік корпус, кітапхана, 2 компьютер сыныбы, медициналық пункт, буфет бар. № 1 оқу корпусында жалпы білім беру, Гуманитарлық, әлеуметтік – экономикалық, Жалпы кәсіптік пәндер, ал № 2 оқу корпусында арнайы пәндер өткізіледі. Барлығы 24 кабинет бар,оның ішінде интерактивті тақталармен және дербес компьютермен 3 сынып, графап проектор бар треногта 1 экран, арнайы пәндер кабинеттері муляждармен, фантомдармен, манекендермен, тренажер - иммитаторлармен, практикалық дағдыларды пысықтау үшін небулайзерлермен жабдықталған. Интернетке қолжетімділік бар, WI FI жүйесі бар. Студенттердің тамақтануын қамтамасыз ету үшін оқу корпусында жалға алу шарты негізінде жұмыс істейтін буфет бар, онда нан-тоқаш өнімдері, ыстық шай, кофе сатылады. Екі оқу корпусында оқушыларды жылы және суық ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су дистилляттары орнатылған.

Студенттердің практикалық дағдыларын нығайту мақсатында колледжде симуляциялық кабинет жұмыс жасайды. Симуляциялық кабинет «Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жабдықтау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (2019 жылғы 13 мамырдағы өзгерістер) ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығы негізінде жабдықталған. 

Терроризм мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж террирориясына 30 күнге жазылу арқылы тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі.

Оқу ұйымының материалдық-техникалық базасын дамыту жоспары:

 

Іс-шараларды жоспарлау

Орындау мерзімі

Жауапты тұлғалар

1

Колледж базасында "Жүрек тоқтаған кезде шұғыл көмек көрсету" станциясын құру»

2020-2023 жж.

Колледждің құрылтайшылары, директор, директордың оқу ісі, оқу-өндірістік тәжірибе және шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарлары.

2

Колледж базасында "Жарақаттар кезінде шұғыл көмек көрсету" станциясын құру

2020-2023 жж.

Колледждің құрылтайшылары, директор, директордың оқу ісі, оқу-өндірістік тәжірибе және шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарлары.

3

Колледж базасында "Парентеральды инъекциялар техникасы" станциясын құру

2020-2023 жж.

Колледждің құрылтайшылары, директор, директордың оқу ісі, оқу-өндірістік тәжірибе және шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарлары.

4

Колледж базасында "Жараны алғашқы өңдеуді жүргізу және таңғышты салу" станциясын құру»

2020-2023 жж.

Колледждің құрылтайшылары, директор, директордың оқу ісі, оқу-өндірістік тәжірибе және шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарлары.

5

Колледж базасында "Коммуникативтік дағдыларды бағалау" станциясын құру»

2020-2023 жж.

Колледждің құрылтайшылары, директор, директордың оқу ісі, оқу-өндірістік тәжірибе және шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарлары.

6

Қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін емшара кабинетін ашу

2020-2022 жж.

Колледждің құрылтайшылары, директор, директордың оқу ісі, оқу-өндірістік тәжірибе және шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарлары.

 

Колледждің материалдық-техникалық базасы мен ақпараттық ресурстары колледждің алға қойған миссиясына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді және білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете алады.

Колледжде білім беру үдерісін ұйымдастыру және шарттарын бағалау бойынша студенттермен кері байланыс орнатылған: циклдар мен оқу пәндерінің атаулары, сабақ кестесі, оқу-әдістемелік кешен, ПП өту кестесі, емтихан кестесі орналасқан ақпараттық стендтер.

 

Кабинет нөмірі

Кабинеттің атауы

№ 1 корпус (1 этаж)

1

101

Биология

2

102

Қазақстан тарихы

3

103

Қазақ тілі және әдебиет

4

104

Фармакология негіздері

5

105

Фармацевтикалық химия (лаборатория)

6

106

Аналитикалық химия

№ 1 корпус 2 (этаж)

7

201 (а)

Информатика

8

201 (б)

Информатика

9

202 (а)

Молекулалық биология генетика негіздерімен

10

202 (б)

Математика

11

203

Алғашқы әскери дайындық

12

204

Орыс тілі мен әдебиеті

13

205

Шет тілі

14

206

Өзін-өзі тану

 

 

1 корпус бойынша барлығы: 14

№ 2 корпус (1  этаж)

1

101

Анатомия

2

101 (а)

Анатомия

3

102

Хирургия

4

103

Физиология

5

104

Жұқпалы аурулар

6

105

Ішкі аурулар

7

105 (а)

Ішкі аурулар пропедевтикасы

№ 2 корпус (2 этаж)

8

201

Акушерия және гинекология

9

201 (а)

Акушерия және гинекология

10

202

Емдік дене шынықтыру және физиотерапия

11

203

Балалар аурулары

12

204

Мейірбике ісі негіздері

13

205

Мейірбике ісі негіздері

14

205 (а)

Мейірбике ісі негіздері

 

 

2 корпус бойынша барлығы: 14

 

 

Жалпы: 28

 

Барлық оқу кабинеттерінде кабинет паспорты ілінген.

Барлық оқу кабинеттері қажетті құрал-жабдықтармен, плакаттармен, стендтермен, муляждармен, фантомдармен, анатомиялық модельдермен және басқа да модельдермен, интеркативті тақтамен, манекендермен, компьютермен, графапроектормен және т.б. жабдықталған.

Арнайы пәндер кабинеттері ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының имитациялық бөлмелерін (орталықтарын) жабдықтау стандарттарын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жабдықталған.

Ішкі аурулар кабинеті – оқу – өндірістік жиһаз, анатомиялақ модельдер, тренажерлар, фантомдар, жүрек өкпе реанимациясының дағдыларын үйретуге арналған манекен, плакаттар, стендтер, небулайзер, глюкокометр, медициналық таразы, медициналық құрылғылар, қосымша көмекші заттар, науқасқа күтім заттары, дәрілік және дезинфицирлеуші заттар, медициналық құжаттар).

Хирургиялық аурулар кабинеті  - – оқу – өндірістік жиһаз, анатомиялақ модельдер, тренажерлар, фантомдар, жүрек өкпе реанимациясының дағдыларын үйретуге арналған манекен, плакаттар, стендтер, медициналық құрылғылар, қосымша көмекші заттар,таңу материалдары, науқасқа күтім заттары, дәрілік және дезинфицирлеуші заттар, медициналық құжаттар).

Мейіргер ісі негіздері кабинеті - оқу – өндірістік жиһаз, анатомиялақ модельдер, тренажерлар, фантомдар, медициналық мейірбике тренажеры (әйел) (Honglian), плакаттар, стендтер, небулайзер, глюкокометр, медициналық таразы, медициналық құрылғылар, қосымша көмекші заттар, науқасқа күтім заттары, дәрілік және дезинфицирлеуші заттар, медициналық құжаттар).

Балалар аурулары кабинеті - оқу – өндірістік жиһаз, анатомиялақ модельдер, тренажерлар, фантомдар, плакаттар, стендтер, медициналық құрылғылар, қосымша көмекші заттар, науқас және дені сау балаға жасау заттары, дәрілік және дезинфицирлеуші заттар, медициналық құжаттар).

Акушерия және гинекология кабинеті  - оқу – өндірістік жиһаз, анатомиялақ модельдер, тренажерлар, фантомдар, баланың туылуна имитация жасайтын тренажер,  плакаттар, стендтер, небулайзер, глюкокометр, медициналық таразы, гинекологиялық  құрылғылар, қосымша көмекші заттар, науқасқа күтім заттары, дәрілік және дезинфицирлеуші заттар, медициналық құжаттар, проекциялық экран, компьютер, графапроектор).

Оқу орнында студенттер өз хаттарын, ұсыныстарын және шағымдарын қалдыра алатын сенім жәшігі орнатылған. Сенім жәшігі арнайы комиссияның қатысуымен ашылады, егер жәшікте хаттар, ескертулер мен шағымдар болса, онда осы кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Бағалау: оқу процесін ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында соңғы 2 жылда оқу орнының материалдық-техникалық базасының толықтырылғаны байқалады.

Колледж кітапханасы өз қызметін ҚР БҒМ 2000 жылғы 17 тамыздағы № 827 бекіткен "кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханасы туралы Үлгі ережеге" сәйкес жүзеге асырады. Колледж кітапханасының кітап қоры жалпы осы мамандық бойынша білім алушыларды оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан тарихы, Құқық негіздері, латын тілі, терапия, акушерлік және гинекология, жалпы хирургия, балалар аурулары, ішкі аурулар пропедевтикасы, анатомия, физиология, Мейірбике ісі негіздері, фармакология негіздері пәндері бойынша мемлекеттік тілде электрондық оқулықтар алынды. Білім алушылар өткен тақырыптар бойынша білімін электронды оқу залында тесттік бақылау түрінде өздері тексеруге мүмкіндігі бар.

  • Кітапхана қоры 19026 дана, оның ішінде оқулықтар – 3950, оқу-әдістемелік әдебиет – 2488, электрондық оқулықтар – 12588.
  • Оқу процесін қамтамасыз ету және білім алушылардың сабаққа өз бетінше дайындалуы үшін колледжде жалпы ауданы 126,06 м2 болатын кітапхана жұмыс істейді.:
  • 34 орындық оқу залы мен абонемент кіретін қызмет көрсету бөлімі;

Оқу залы Интернет желісіне қосылған 7 компьютермен, электронды кітапханамен және студенттерге Интернет-ресурстарды пайдалануға, сондай-ақ білімді тестік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тест тапсырмаларының базасымен жабдықталған.

Кітапханада анықтамалық-библиографиялық жұмыс жүргізіледі. Кітапхана-библиографиялық білім негіздері бойынша консулдықтар тұрақты түрде өткізіледі, оқырмандарға әдебиеттерді сынып сағаттарына іріктеуде, баяндамалармен және рефераттармен жұмыс жасауда, ашық сабақтарға әдістемелік көмек көрсетіледі және өз бетімен білім алуға көмек көрсетіледі.           Кітапхананың жаппай жұмысы тақырып және өткізу түрі бойынша әр түрлі, колледжде өткізілетін барлық іс-шараларға қатысып тұрады. Кітап көрмелері, әдеби шолулар, дөңгелек үстелдер, оқырман конференциялары ұйымдастырылады.