Кентау колледжінің сайтына қош келдіңіздер! Біздің білім беру мекемесі туралы барлық қажетті ақпаратты осында ала аласыздар.
 
Мамандық таңдау – бұл әр адамның өміріндегі маңызды және анықтаушы қадам. Табысты мансап жақсы оқудан және мамандықты дұрыс таңдаудан басталады және оқу орны – сіздің ертеңгі сенімді болашағыңыз!
 
Біздің колледждің басты мақсаты –әлеуметтік серіктестіктердің, әлеуетті жұмыс берушілердің қолданыстағы және болашақтағы талаптарына түлектердің даярлау сапасының сәйкес келуі.
 
Колледжбен танысу сізге мамандық пен білім беру ұйымын дұрыс таңдауда қажетті ақпарат береді деп сенемін.
 
Менің блогымда сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Бұл байланыс бәріміз үшін пайдалы болады деп сенемін.
 
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!