Іс-шараға Кентау қалалық №1ші емханасының хирургия бөлімінің медбикесі Ж.Тәжиева, Ж.Бектібаева. Кентау колледжінің арнайы пән оқытушысы З.Арзуметова, медбикесі Н.Талипова, кітапханашысы Л.Сәрсенова және Мф-25-1 тобының студенттері.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және АИТВ/СПИД туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру болды.
Пікірталас барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, аурудың алдын алу жолдары, салауатты өмір салтының маңызы, қоғамдағы көзқарас туралы ой бөлісті.
Шара соңында белсенді қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл іс-шара жастардың денсаулық мәдениетін көтеруге және СПИД індетінің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.













