Кентау колледжінде студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық білімін кеңейту және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды семинар өткізілді. Іс-шараның тақырыбы – "Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақ кепілі".
Семинар барысында заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік, жастардың құқықтық қорғалуы және құқықтық сауаттылықтың қоғам үшін маңызы туралы құнды ақпараттар берілді.
Шараға колледж оқытушылары, топ жетекшілері және белсенді студенттер қатысып, пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.
Бұл семинар студенттердің құқықтық ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге, заңды құрметтеуге тәрбиелейді. Осындай шаралар – саналы да жауапты жастар тәрбиелеудің маңызды бөлігі.
#Кентауколледжі #ҚұқықтықСауаттылық #ҚауіпсізБолашақ














