Бұл шара жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Жиналыс барысында:

Қоғамдағы тәртіптің жай-күйі туралы бейнероликтер көрсетілді.

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды ақпарат берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен адалдық құндылықтары түсіндірілді.

Іс-шараға қатысушылар:

Кентау қаласы 13 учаскелік полиция пунктінің учаскелік аға полиция инспекторы,полиция майоры Н. Т. Абдиев, ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция лейненанты, колледж инспекторы С. К. Қожабай, колледж директоры К.А.Жумабаева және  ДТЖО Э.Б. Моминова колледж оқытушылары қатысты

Бұл кездесудің арқасында колледж жастары құқықтық жауапкершілік, тәртіп сақтау және адалдық қағидаларын тереңірек түсініп, болашақта құқықбұзушылықтан аулақ болуға мотивация алды.

Заңды білу – болашаққа сенімді қадам жасаудың негізі!
#КентауКолледжі
#ҚұқықтықМәдениет
#АдалдықАлаңы
#ҚұқықбұзушылықтыңАлдынАлу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!