25 қазан — Республика күніне орай «Кентау колледжі» ЖШС-нің “Мейрімді еріктілер” клубынің жастары және «Үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету» бөлімінің ұйымдастыруымен Кентау қаласының тұрғыны, жалғыз ілікті, егде жастағы апамызға арнап қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Колледж студенттері мен әлеуметтік қызметкерлер бірігіп, қарт адамның үй ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, көмек көрсетті. Апамыз игі іске риза болып, жастарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

«Кентау колледжі» ЖШС атынан осындай тағылымы мол, ізгі істерге атсалысқан барша жастар мен қызметкерлерге алғыс білдіреміз. Келешекте де осындай шаралар жалғасын табатын болады.

Жақсылық жасау - жүректен.

#RepublicDay#25қазан
#Декларация35жыл

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!