Бүгін «Кентау колледжі» Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мен колледж түліктерінің атынан «Алғыс лентасы» тақырыбында колледж ұжымына арнайы челлендж ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқытушылар мен қызметкерлерге ризашылық білдіру, еңбектерін бағалау, алғыс айту мәдениетін насихаттау және жастардың бойында сыйластық пен құрмет сезімін қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттер колледж қызметкерлерін арнайы дайындалған алғыс лентасымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Бұл шара ұжымдағы жылы қарым-қатынасты нығайтып, бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын айқындады.

Қорытынды:«Алғыс лентасы» челленджі студенттерге мейірімділік пен ізгілікті насихаттаудың жарқын үлгісіне айналды. Осындай игі бастамалар колледждің рухани құндылықтарын арттырып, оқу орнының бірлігін, өзара сыйластығын одан әрі күшейтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!