«2 қазан Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай, 2025 жылғы 1 қазан «PROFМарафон: МЕЙІРІМ» - әлеуметтік жоба аясында «Кентау колледжі» студенттерге және қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету бойынша іс-шара өткізді. Іс-шарада колледж ішінде колледжіміздің  студенттеріне тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу – адам ағзасында ауру тудыратын вирустар мен инфекцияның алдын алу барысында және колледжіміздің болашақ фармацевтері өздері дайындаған итмұрын, түймедақ, қызылмия, каркаде тұнбалары мен аскорбинді қышқыл және бір рет қолданатын маскалар таратылды. Ал қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетілді. Атап айтқанда: қан қысымын, жүрек қағысын, қанның құрамындағы қант мөлшерін, бой салмағын және профилактика ретінде аскорбинді қышқылмен бірге әр түрлі инфекциялардан қорғану үшін маска таратылып көмек көрсетілді.

Қала тұрғындарына өз денсаулықтарын күтуін тілейміз, ауырмаңыздар.

#біздіңТжКБ #PROFМарафон #нашеТиПО

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!