Кәмелет жасқа толмаған білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында колледжде профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттерге заңды сақтау, құқықтары мен міндеттерін білу, тәртіпті азамат болу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың салдары мен оны болдырмаудың жолдары талқыланып, жастарға құқықтық мәдениетті арттыру бағытында кеңестер берілді.
Осындай шаралар жастардың жауапкершілігін арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелейді.
#КентауКолледжі #ҚұқықтықСана #ЖастарЖауапкершілігі #ҚұқықбұзушылықтыңАлдынАлу













