Қатысқандар: ЖШС “Кентау колледж” директоры: К.А.Жумабаева, Кентау қаласы №13 учаскелік полиция пунктінің учаскелік аға полиция инспекторы, полиция майоры Н.Т.Абдиев, ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты, колледж инспекторы С.К.Қожабай,ДТЖО Э.Б.Моминова, колледж әкімшілігі, топ кураторлары, психолог, кәмелетке толмаған студенттердің ата-аналары.
Күн тәртібі:
1. Кәмелетке толмаған студенттердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары.
2. Ата-аналардың құқықтық жауапкершілігі туралы түсіндіру.
3. Колледж ішкі тәртіп ережелерінің сақтаулы.
4. Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары.
5. Ата-аналармен бірлескен жұмыс жоспарын бекіту.
6. Әр түрлі мәселелер.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті күшейту және жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын талқылау болды.
Жиналыста бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы талқыланды.
Іс-шара барысында колледж әкімшілігі мен кураторлар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы айтылды.
Ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру және тәрбиелеу мәселелері қаралды.
Мұндай кездесулер отбасы мен оқу орнының бірлескен жұмысын нығайтып, жасөспірімдердің дұрыс бағытта дамуына ықпал етеді.
#КентауКолледжі #АтаАнаЖиналысы #ҚұқықтықТәрбие #ЖастарБолашағы













