Онгарбаев Умиджан - білім мен тәртіпті ту еткен, талапты да үлгілі студент. Ол - тек үздік оқуымен ғана емес, сондай - ақ түрлі сайыстардағы жеңістерімен, бастамашылдығымен, колледж өміріне белсенді араласуымен көпке үлгі.
Сенің табандылығың, ұмтылысың, және жан - жақты қабілетің - нағыз көшбасшының бейнесін айқындайды. Әрбір жетістігің - ерен еңбектің, тынымсыз ізденістің нәтижесі. Сен өз ортаңда жауапкершілік пен тәртіптің символына айналдың.
Ақ халатты абзал жан болуға жасаған әрбір қадамың сәттілікке толы болсын. Сенің жетістігің - колледжіміздің мақтанышы!
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/821-kentau-kolledzhini-zdik-studentterini-biri-ongarbaev-umidzhan.html#sigFreeId28cc37f5f9