12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күніне орай Кентау колледжінде «Мейірім мен жанашырлық мамандығы» атты колледжішілік конференция өткізілді. Іс - шараның мақсаты - мейіргер мамандығының қоғамдағы рөлін насихаттау, студенттердің кәсіби құндылықтарын арттыру және болашақ мейіргерлердің жауапкершілігін қалыптастыру.
Конференция барысында студенттер мейіргер ісінің даму тарихы, заманауи мейіргерлерге қойылатын талаптар, этика мен коммуникативтік мәдениет туралы баяндамалар жасап, тақырыптық бейнероликтер көрсетті. Сонымен қатар, тәжірибелі оқытушылар мен кәсіби мейіргерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс - шара өте мазмұнды өтті. Студенттер белсенді қатысып, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырды.
*Мейіргер - тек кәсіп емес, жүрекпен орындалатын қызмет!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!