2024 - 2025 оқу жылы ішінде медицина колледжінде түрлі бағыттағы үйірме жұмыстары нәтижелі өткізілді. Үйірме мүшелері теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби дағдыларын жетілдірді.
Студенттер пәндік, ғылыми, тілдік, шығармашылық бағыттағы үйірмелерге белсенді қатысып, колледжішілік, қалалық және облыстық іс - шараларда жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, "Жас фельдшер", "Мейірімді жүрек", "English for Medicine" секілді үйірмелерде түрлі жобалар, тренингтер, пікірталастар, тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Бұл жұмыстар - болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық әлеуетін ашуға зор үлес қосты. Үйірме жетекшілері мен белсенді студенттерге алғыс білдіреміз.
Үйірме жұмыстары - кәсіби дамуға бастар жол!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!