Бұл күн - Туымызға тағзым, Елтаңбамызға - құрмет, Әнұранымызға - мақтаныш білдіретін ерекше күн.
Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің айшықты нышандары, елдігіміздің, бірлігіміздің, болашағымыздың белгісі.
Осы ұлы рәміздер халқымыздың жүрегінде, әрбір қазақстандықтың намысында мәңгі сақталсын!
Еліміз аман, көк байрағымыз көкте желбірей берсін!
Рәміздер күні құтты болсын!
Елімізге бірлік пен береке тілеймін!