9 Мамыр - Ұлы Жеңіс күні.
Бұл - тарихтың тағылымы, ұрпақтың тағзымы.
Бұл - сұрапыл соғыста жанын қиған бабалар рухына бас иер күн.
Бұл - батырлықтың, қайсарлықтың және елге деген шексіз сүйіспеншіліктің мәңгілік белгісі.
Миллиондар майданға аттанып, елдің ертеңі үшін от пен оқтың ортасында жан берді.
Олардың ерлігі - біздің Тәуелсіздігіміздің іргетасы.
Бүгін біз бейбіт аспан астында өмір сүріп отырмыз -
Ол ЖЕҢІСТІҢ арқасы!
Біз ардагерлерге алғыс айтамыз.
Жастар - ұмытпайды.
Ұрпақ - ұлықтайды.
Ерлік - мәңгі!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Еліміз аман, көгіміз ашық болсын!