Құрметті ер-азаматтар!
Сіздерді айбынды мереке - 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күнімен*шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл - туған жерін, елін, халқын қорғауға әрқашан дайын, жүрегінде намысы, бойында ерлігі бар азаматтардың мерекесі.
Отан алдындағы адал қызмет пен батырлық - нағыз ер азаматтың бойындағы ұлы қасиет.
Сіздердің арқаларыңызда еліміздің бейбіт аспаны мен тұрақты тыныштығы сақталып отыр.
Ел бірлігі мен жер тұтастығын қорғаудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Сіздерге зор денсаулық, берік отбасы, қажымас күш пен сарқылмас рух тілейміз!
Мереке құтты болсын! Отан үшін қызмет - әрқашан мәртебе!