Ашық есік күнінің негізгі мақсаты - мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарды медицина колледжінің білім беру бағытымен, мамандықтарымен, материалдық-техникалық базасымен және студенттердің оқу-тәжірибелік мүмкіндіктерімен таныстыру.
Іс-шара болашақ талапкерлерге дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріп, медицина саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, колледж өмірімен жақын танысу арқылы талапкерлердің сенімін нығайтып, кәсіби бағдар беруге ықпал етеді.