«Медицина және қазіргі заман. Халықтың денсаулығын сақтау теориясы мен практикасындағы жастар ғылымы» атты халықаралық қатысуымен дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша колледж студенттері арасында республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясында «Мейіргерлік көмекті жетілдірудің өзекті мәселелері» сексиясы бойынша Кентау колледжі студенті Әділбек Гүлнұр 2 орынды иеленді.Жетекшісі:Джанабатырова Жанар Сарсенбаевна


Атауы Жүктеу
1 Әділбек Гүлнұр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!