Кентау колледжінде 5 мамыр - Дүниежүзілік қол жуу күніне арналған Өзін-өзі басқару ұйымыда атсылысып, "Қол жуу"техникасымен бөлісті.
5 Мамыр - Дүниежүзілік қол жуу күні
Жыл сайын 5 мамыр күні әлем бойынша Дүниежүзілік қол жуу күні (World Hand Hygiene Day) аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты - қоғам назарын қол гигиенасының маңыздылығына аудару, әсіресе медицина саласында инфекциялардың алдын алудағы рөлін түсіндіру.

Ұраны:

«Таза қол - қауіпсіз күтім!»

Қол жуу арқылы алдын алуға болатын аурулар: тұмау, ішек инфекциялары, COVID-19, вирусты гепатит және т.б.
Қол жуу - өзіңді және айналаңды қорғаудың алғашқы қадамы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!