Кентау қалалық "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен 03.05.25 жылы өткен "Плоггинг" сайысына Кентау колледжінің ерікті студенттері де белсене қатысып,өз үлестерін қосты.

Плоггинг сайысының мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау мен қоршаған ортаны қорғауды бір бағытта үйлестіре отырып, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоғамдық белсенділігін дамыту.

🎯 Негізгі мақсаттар:
1. Жүгіру (немесе серуендеу) арқылы қоқыс жинауды насихаттау - денсаулық пен табиғатты қатар қорғау.
2. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру - табиғатқа ұқыпты қарауға үйрету.
3. Қатысушылардың дене белсенділігін арттыру - спортқа деген қызығушылықты ояту.
4. Жастардың қоғамға деген жауапкершілігін көтеру - еріктілік пен бастамашылдықты дамыту.
5. Қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!