Кентау колледжінде 30.04.2025 жылы 1 мамыр Қазақтан халқының бірлігі күніне орай "Бірлігіміз жарасқан "атты мерекелік іс - шара өтілді. Мерекелік іс - шара халқымыздың аспабы домбырамен күй ойналып, әндер де шырқалып, әр ұлттың билеріде көрсетілді. Және де Е-24-1,М-24-1,М-24у-1 топтары әр ұлттың ұлттық тағамдарын дайындап әдемі дастархан жасап дәм татырды.

1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс - шараның мақсаты - еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, татулық пен келісімді нығайту, оқушыларға (немесе студенттерге) ұлтаралық бірлік пен бейбітшіліктің маңызын ұғындыру, сондай - ақ отансүйгіштік пен толеранттылықты тәрбиелеу.

🎯 Іс - шараның негізгі мақсаттары:
1. Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын дәріптеу;
2. Әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;
3. Достық пен сыйластықтың мәнін түсіндіру арқылы толерантты көзқарас қалыптастыру;
4. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, бейбіт өмірдің құндылығын ұғындыру;
5. Мәдени әртүрлілікті сақтап, бірлік пен ынтымақты насихаттау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!