Медицина колледжіндегі «Цифрлық технология медицина саласында» атты апталықтың мақсаты - студенттерге заманауи медициналық технологиялардың мүмкіндіктерін таныстырып, цифрлық сауаттылықты арттыру, болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ету.
🎯 Апталықтың негізгі мақсаттары:
1. Цифрлық технологиялардың медицинадағы рөлін түсіндіру
(телемедицина, электронды денсаулық сақтау жүйесі, диагностикалық құрылғылар, т.б.)
2. Студенттердің ІТ сауаттылығын арттыру және заманауи құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру
3. Жас мамандарды технологиялық өзгерістерге бейімдеу және болашақ кәсіби ортаға дайындау
4. Медициналық практикада қолданылатын цифрлық жабдықтармен таныстыру
(мысалы, цифрлық рентген, УДЗ құрылғылары, пациентті қашықтан бақылау жүйелері)
5. Инновация мен ғылыми ізденіске қызығушылықты арттыру
6. Пәнаралық байланыс орнату
(ақпараттық технология мен медицинаны біріктіру)