Кентау колледжінде Нашақорлық пен құқызбұзушылықтың алдын алу мақсатында өтетін іс-шаралар кестесіне сәйкес 15.04.2025 жылы "Нашақорлыққа жол жоқ" атты студенттерге кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Кездесуге: Кентау қалалық 'Жастар ресурстық орталығы" КММ бөлім басшысы Қ.С.Закирбаева;Кентау қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ кеңесші маманы С.Е.Хожахмет;Алау жастар денсаулық орталығының терапефт маманы Н.А.Сулейменова келіп өз пікірлерімен бөлісіп,кеңестерін берді. #нашақорлыққажолжоқ#біртұтас_тәрбие

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!