Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды"Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады. "Жұмысшы мамандықтарының жылын" өткізу жөніндегі іс - шаралар жоспары бекітілген болатын.Бұл жоспарда 7 бағыт және 70 іс - шара көрсетілген.Осы жоспардың 4 бағыты "Жұмыс берушілердің жұмысшы кадрларды даярлауға және қолдауға қатысуын кеңейтудің 10 қадамы" аясында Кентау колледжінде 09.04.2025 жылы әлеуметтік серіктес ЖШС "Кентау Medical Centre" мен бірлесе отырып "Физиотерапиялық кабинеттер" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.Бұл іс - шараға Кентау қалалық Жастар орталығының басшысы С.Б.Азат;ШЖҚ "Кентау орталық қалалық ауруханасы" МКК - нің бас мейірбикесі Х.С.Адирбекова;Кентау қалалық емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Н.А.Сүлейменова келіп қатысып,өз бағаларын берді.Бұл семинарда студенттеріміз өздерінің практикалық дағдыларын көрсетті.Бұл іс - шараның мақсаты:еңбек адамының беделін көтеру,кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру биылғы алға қойылған жоспарымыздың бірі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!