Кентау колледжінде «18 қаңтар – тұмаудың алдын алу күніне» орай колледж медбикесі А. Тасбулатова 1 курс студенттеріне осы вирус туралы ақпарат беріп өтті. Жедел респираторлы вирустық инфекция, яғни тұмау ауруы жыл өткен сайын жасарып, жылдың төрт мезгілінде де жиі кездесіп жатады. Бұл ауру жасқа да, жасы жоққа да әсер етеді, әсіресе әлсіз адамдар жиі ауырып қалады. Сондықтан осы кеселмен күресті күшейтуді және күнделікті өмірде жеке бас гигиенасын сақтауды қағидаға айналдыру қажеттігін түсіндірді.
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/749-t-maudy-aldyn-alu-k-nine-a-paratty-kezdesu.html#sigFreeId544f8dbe4d