Кентау колледжінде 16.01.25 ж. К.Б. Нармухамедова – ТжКББ кафедрасының әдіскері, Бейтбаев А. – «Кентау гуманитарлық-техникалық» колледжінің ДТІЖО, Исабекова Г. – «Кентау гуманитарлық-техникалық» колледжінің психологы, Нартай А. – «Түркістан көпсалалы жоғары медициналық» колледжінің ДТІЖО, Абат А. – «Түркістан көпсалалы жоғары медициналық» колледжінің психологы, Моминова Э. – Кентау колледжінің ДТІЖО, Тилесова Г. – Кентау колледжінің психологы және топ жетекшілердің қатысуымен «Жасөспірімдер арасында әлімжеттік (кибербуллинг) алдын алу әдістемесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үлес қосу қажет. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан күрделі мәселе талқыланды. Әр колледжден келген психологтар тренинг ұйымдастырды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!