Жыл сайын, 1 желтоқсанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі мен 1988 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес 1 желтоқсан ЖИТС – қа қарсы Халықаралық күрес күні. Осыған орай, Кентау колледжінде «Алау» Жастар орталығының мамандары дерматовенеролог Утебаева Раушан Кураловна, психолог Смаилова Назымкүль Маметжусуповна, терапевт Сулейменова Назерке Амангельдиевна, Спид орталығының мамандары Егембердиева Фариза, Адамбек Айбек, Тұяқбаев Эльшад қатысуымен кездесу өтті. Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күнінің мақсаты-АҚТҚ/ЖИТС туралы жаһандық хабардарлықты арттыру, індетке қарсы күресте қоғамның күш-жігерін жандандыру және пандемия жағдайында халықаралық ынтымақтастықты көрсету.
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/746-1-zhelto-san-zhits-a-arsy-khaly-araly-k-res-k-ni.html#sigFreeId20f8af4b46