Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

Мемлекет басшысының биылғы жолдауы қарапайым еңбек адамдарын бір қуантып қойғаны анық. Өйткені президент 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Сондықтан, құрылыс, ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіптік сияқты кез-келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп, мәртебесі артатыны анық. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша өзекті мәселе екендігін атап өтті. Осыған орай ауыл-шаруашылығына қажетті жұмысшы мамандар даярлайтын колледжіміз үшін мол мүмкіндіктер ашылады деген ойдамын.

Қоғамға қажет жұмысшы мамандардың беделі артатын шақ келді. Кез-келген еңбек-қадірлі. Иә, әрбір жұмысшының еңбегі бұқарада дұрыс жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған. Сондықтан, барлық жұмыс орындарына бірдей құрметпен қарау, әрбір маманның еңбегін бағалау-біздің қоғамымыздың дамуы үшін маңызды қадам.

Өз тарапымнан осы жолдауда берілген бағыт-бағдарлар бойынша нұсқауды тиімді қолданып, жұмысшы мамандарын мәртебесін арттыру үшін жұмыс жасау басты міндетіміз деп санаймын. Мемлекет басшысы өз жолдауында жұмыстың жаманы жоқ кез-келген еңбек қадірлі. Ең бастысы әркім жауапкершілікті терең сезініп өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сапалы сара жолына түседі деген ойдамын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!