17 қараша – Халықаралық студенттер күні. Бұл күн әлемнің түкпір-түкпірінде бар сән-салтанатымен тойланады. Осы орайда Кентау колледжінде Студенттер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты шарада колледж директоры К.Жумабаева тың идеяларға толы студенттерді мерекемен құттықтады.
Мерекелік шара барысында 1 – курсқа түсіп, маман иесі атануды мақсат еткен өрендерге студенттік билет табыстады. Шара барысында білім және қоғамдық іс-шараларға ат салысып жүрген студенттерді АЛҒЫС ХАТТАР мен АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚТАР табысталды.
Халықаралық студенттер күнінде студенттерімізге мықты денсаулық, білім, ғылым жолында үлкен табыстар тілейміз