Кентау қаласынан Кентау колледжінің саналы ұрпақ мүшелерінен құралған “Тұран” командасы Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» этнос өкілдерінің қатысуымен «Кім білгір?» интеллектуалды ойынына қатысып қайтты. Аталған шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді көздеген сайыстың ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев бұл шараның талантты және білімді жастарды қолдауда маңызы зор екенін атап өтті.
Ақылдылар мен тапқырлардың басын қосқан сайыс 3 кезең бойынша өтті. Атап айтсақ, алғашқы кезеңде сайыскерлер «Мақал-мәтелдің жалғасын табу», 2-кезең «Жұмбақтың жауабын табу» және 3-кезең «Диалект немесе көнерген сөздердің мағынасын ашып айту» бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысында 1-орынды Кентау қаласының “Тұран”құрамасы, 2-орынды Төлеби ауданының құрамасы, ал 3-орынды «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің командасы иеленді. Сайысқа белсене қатысқан басқа да аудан, қалалардың командаларына ынталандыру сыйлықтары берілді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев арнайы марапаттап, оларға Алғыс хаттарды табыс етті.
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/729-kim-bilgir-intellektualdy-ojyny-2.html#sigFreeId746b122f9d