“25 қазан- Республика күніне орай” Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында “Кемел келешекке бет алған жастар” атты поэзия кешіне Кентау колледжінен Муханқызы Кәусәр қатысып қайтты. Шара барысында жастар М.Мақатаев, М.Жумабаев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов және т.б. қазақ халқының маңдайына біткен ұлы тұлғаларының өлең-жырларын мәнерлеп оқып, өз шеберліктерін көрсете білді. Поэзия кешіне қатысқан жастарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.#жақсыәде
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/726-kemel-keleshekke-bet-al-an-zhastar.html#sigFreeIdecf6f26b5f