“Цифрлы Қазақстан:сапалы білім,адал ұрпақ,табысты ұлт” атты апталықтың қорытынды ашық сабағын колледжіміздің педагог-сарапшы оқытушысы Танатарова С.А. Қазақстан тарихы пәнінен М-24у-1 тобымен өткізді. Ашық сабақтың мақсаты:Білімділік: ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңындағы өлкедегі тоталитарлық жүйенің күшею барысымен таныстыру; Ф.И.Голощекиннің “Кіші қазан” төңкерісінің мәнін ашып түсіндіру; дамытушылық: тарихи деректерді, оқулық мәтіндерін пайдалана отырып, жұптық жұмыс арқылы өз беттерінше осы кезеңге баға беруге дағдыландыру;тәрбиелік: ұлт зиялыларының қызметіне құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Цифрлы Қазақстансапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт”
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.
Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.
Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!