2024 - 2025 оқу жылына “Кентау колледжінде” Студенттер кеңесін “Өзін-өзі басқару парламентін” сайлау жөнінде студенттермен кездесу өткізілді.
•Студенттік парламент «Өзін өзі басқару ұйымы» ережелері мен міндеті, жұмыс тәртібі мен талаптарын анықтайды және жұмыс жасау жүйесі үшін ұсынылады. Студенттік парламенттің мақсаты: жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру, өз Отанын шынайы сүюге, азаматтық патриотизмге баулу, Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу, жастардың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру.
•2024 - 2025 оқу жылында колледж Студенттік парламент «Өзін өзі басқару ұйымы» президенті болып, Е-22У-1 тобының студенті Жүніс Ғалия сайланды. Білім министрі болып Е-21-1 тобының студенті Жұмашбайқызы Нұрәсем. Тәртіп министрі Е-22-1 тобының студенті Құрманбек Інжу және Е-24-1 тобының студенті Муханқызы Кәусәр. Ақпараттық талдау және қоғамдық даму министрлері болып Е-23-1, М-22-2 топтарының студенттері Усейнова Өсербай Ықылас, Жұмаш Арман. Спорт министрі Е-21-2 тобының студенті Дүйсенбай Нұржарқын және Е-22-1 тобының студені Нұрдәулет Нұрбибі. Мәдениет министрлері болып Е-23-1, Е-24-1 топтарының студенттері Абдрасулова Ханифа, Кенжехан Анеля тағайындалды.
•Студенттік парламент «Өзін өзі басқару ұйымы» колледж білім алушыларына жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Сайлау жөнінде студенттермен кездесу өткізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.
Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.
Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!