2023-2024 жылдың маусым айының 26-сы күні "Кентау колледжі" түлектердің салтанатты диплом беру кеші өтті.
Жалпы колледж бітіруші топтары саны -120 студент, оның 1 қызыл диплом иегері.
Колледж директоры К.Жумабаева колледждің бітіруші түлектеріне диплом салтанатты түрде табысталды. Колледж бітірушілердің диплом алу салтанатына Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы мырза арнайы қонақ ретінде шақырылып, жас мамандарға ақ тілектерін арнап, бітіруші түлектерге ел игілігіне еңбек етуге шақырды.
Колледжімізде дəстүрге айналған кеш өте қызықты да əсерлі өтті.Салтанатты кеште колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген студенттерге және ата-аналарына Алғыс хаттармен марпатталды.
Кешімізде шырқарған əн мен би осы бітіруші түлектерімізге арналды.
Сəт сапар, колледж бітіруші түлектер!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!