2023-2024 оқу жылының жазғы емтихан сессиясын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Кентау колледжінде «Таза сессия» акциясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және колледж білім алушыларының,қызметкерлерінің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Акция аясында колледж білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылды. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді: ұсыныстар мен ескертулер үшін электронды «Сенім жәшігі» бар, оған студент өз сұрақтары мен пікірлерін жібере алады, стендтерде тиісті үгіт-насихат плакаттары ілінген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!