Кентау колледжінде 1курс студенттерімен колледж мейірбикесі А. Тасбулатова “Нашақорлыққа жол жоқ” атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы.  Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.  Бүгінгі күні нашақорлық мәселесі әрқайсымызға әсер етуі мүмкін.

Денсаулық - зор байлық дегендей өмірің жарқын, болашағын зор болсын десең, елімнің жұлдызы болам десең денсаулығыңды сақтаған жөн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!