Кентау колледжінде Түркістан облысының дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің бөлім басшысы А.Дүйсен, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің инспекторы Жайна Аринованың қатысуымен 6 мамыр күні Кентау колледжінде жастарды кереғар діни ағымдардың идеологиясынан қорғау мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Асхат Дүйсен деструктивті діни ағым мүшелерінің ұстанымдарын, сыртқы көріністегі өзгерістерін түсіндірді. Адасушы ағымдарға ерген адамдардың белгілері, діни алауыздықты қоздырушы тұлғалардың жауапкершілігі сөз болды. Шара барысында студенттерге «Деструктивті діни ағым мүшелерінің портреті», «Ғаламтордағы қауіпті діни псевдоуағызшылар» атты бүктемелер таратылды.
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/673-din-m-selelerin-zertteu-ortaly-y.html#sigFreeIdba303e0142