Кентау колледжінің Ерікті жастары “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Киелі мекен” екінші апта тапсырмасына сәйкес, тарихи - мәдени ескерткіштердің аумағын аббаттандыру, қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізді. Іс - шараның мақсаты- облыс тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету және өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулу.