2024 - 2025 оқу жылына Кентау қаласына қарасты мектептерге кәсіби бағдар беру және болашақ талапкерлерді колледжбен, оның оқытушыларымен, қабылдау ережелерімен, мамандықтарымен және болашақ мамандығы бойынша білім алу ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында 2024 жылдың 12 сәуірінде мектептің 9 - 11 сынып түлектеріне “Салауатты өмір салты - жарқын өмір сүру белгісі” атты тақырыпта «Ашық есік күні» іс - шарасы өтілді. Ашық есік күніне қатысқан барлық қатысушылар колледж қызметінің заманауи білім беру жүйесіндегі түрлі аспектілері туралы ең толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.

«Ашық есік күні» бағдарламасы:

1. Оқушыларды қарсы алу.

2. Колледж студенттерінің медициналық қызмет көрсету көрмесі.

3. Колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру.

4. Медицина қызметкерлерінің киім үлгілері дефилесі.

5. «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Фармация» мамандықтарына кіріспе.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!