Кентау колледжінің"Арнайы пәндер" кафедрасының мұғалімдері Арзуметова З.И., Джанабатырова Ж.С. Медицина мамандығын насихаттау аясында, 3-4 курс мейіргелері арасында медицинаға деген сиуденттердің қызығушылығын арттыру мақсатында "Мамандығым өмір жолым" атты интелектуальды сайыс өткізді. Сайысқа М-21у1,М-21у2,М-20-1,М-22у1,М-22у2 топтары қатысып, сайыс 4 турдан өтті.
I - тур: "Мейірбикелік үрдістер мен алгоритмдерді түсіндіру бойынша коммуникативті дағдыларды бағалау"
II- тур: "Дессмургия таңғыштарды дұрыс салу техникасы"
III - тур:"Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету"
IV - тур: Сергіту сәті
Әділ қазылар мүшелері:
1.Кентау колледжінің директоры Қ.А Жумабаева
2.Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Х.К.Оналбекова
3.Жедел жәрдем станция дәрігері Б.З.Атажанов
4.Дәрігер терапевт Е.Н.Усманова қатысты.
Мақсаты: Студенттер арасында, мейірбикелік күтім көрсету қағидаларын ұғындыру, жастардың мәртебесін көтеру, білімін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысқан топтар бас жүлде және орындар мен марапатталды.
Бас жүлдені М-21у1тобы иеленді
I орынды М-21у2 тобы
II орынды М-22у2 тобы
III орынды М-20-1 тобы
III орынды М-22у1 топтары иеленді.
Мамандығым өмір жолым
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.
Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.
Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!