Кентау колледжінде 14 Наурыз күні «Әйел сұлу қашан да әдебімен» атты тақырыпта кездесу өтілді. Кездесуге «Әдемі әйел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі - Мөлдір Нұрман , Жастар ресурстық орталығының психологы - Закирбаева Құрбанай Сайдуллаевна , Кентау колледжі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Моминова Элеонора және колледжіміздің «Сырғалым» қыздар клубы қатысты. Мақсаты: Қыздарды әдемілік әлемінің сұлулығын көзбен көре, жанмен түсіне білуге, сұлулық сырын тілмен жеткізе, көңілге тоқи білуге, зерделі болуға үйрету. Қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты жан-жақты ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!