Кентау колледжінде 14 наурыз Көрісу күніне орай Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Саналы ұрпақ мүшелері «Амал келді – Жыл келді» атты дәстүрін көрсетті.
Мақсаты: Қазағымыздың салт дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелегімен таныстыру және үлкенге құрмет , кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Бір жасыңыз құтты болсын!
Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі.
Көрісу, бұл көненің желісі еді.
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі!
Көріседі көңілдер жібісін деп!
Көріседі тасысын ырысың деп!
Көріседі көк мұзда жібісін деп!
Көріседі оң болсын ырысың деп!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!