Кентау колледжінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Е-23-1 тобы мен кураторы Д. Туйламбаева “Нашақорлық - шын қорлық” атты тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге Кентау қаласының нарколог психиатр дәрігері Смаилова Асем Адилхановна, Кентау ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ аға лейтенанты Жананбаев Қанат, Кентау колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Моминова Эленора Бердикуловна қатысты. Мақсаты: Студенттерге әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескере отырып, оны болдырмаудың алдын- алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Студенттердің ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!