Кентау колледжінде 09.02.24ж. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында колледж мамандары Д.М.Туйламбаева және Д.Б.Жолдасбекованың ұйымдастыруымен «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға біздің колледжіміздің 2010 жылғы түлегі , қазіргі таңда «Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» басшысы Абдикулов Чингисхан Анварханович, Колледжіміздің директоры К.А.Жумабаева, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Х.К.Оналбекова, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Б.Моминова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Талантты жастарды қолдау бөлімінің» басшысы Альжанов Дастан Рүстемұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологі Утепова Сандуғаш Тәуекелқызы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологі Закиржанова Құрбанай Сайдуллақызы және саналы ұрпақ мүшелерінің қатысты.

Кездесу мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру .«Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.  Саналы ұрпақ мүшелері бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.

Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады .


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!